Біздің жоғары жалпыұлттық мүддемізді қорғайтын боламын - Н.Назарбаев


«Сіздердің сенімдеріңіз әр  уақытта да мені қанаттандырады. Сенім мен күш сыйлайды. Қазір де барлық жауапкершілікпен бұған дейінгі жылдардағыдай халыққа адал қызмет етеіндігіміді, елді қорғайтындығымды, барлық біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартатындығымды атап өткім келеді. Біздің жалпыұлттық мүддемізді қорғайтын боламын», - деді ҚР Президенті. 
Сонымен қатар Елбасы 26 сәуірде өткен президенттік сайлау Қазақстан халқының ұйымшылдығын, ауызбіршілігін және болашаққа ұмтылысын паш еткендігін баса айтты.  «Біз - бір отбасымыз, бізде бір Отан бар, ол - Қазақстан Республикасы. Біздің әрқайсымыздың тағдырымыз - Қазақстанның тағдыры»,  - деді Ұлт көшбасшысы.