"Біздің журналистерге адам құқықтары негізінен сабақ алу керек" Молдияр Ергебеков нәсілшіл сипатта пост жазған тілшіні қатаң сынады

Танымал журналист Молдияр Ергебеков өзін афроамерикандық әйелдермен  салыстырған  журналисті оңдырмай сынады деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Көзі қысық орыстың Қазақстанға келіп, екі қазақтың ортасына отырып алып, "Маған қысық көз дейсіңдер, мыналардың жанында көзім доп-домалақ қой, күнде осындайларды көрем метрода" деп жазғанын ойлаңыздар. Орыстың нәсілшіл екенін аңғарар едіңіздер. 

Біздің журналистерге адам құықтары негіздері сабағын алу керек. Негіздері болғанда да ең қарапайым негіздерін. Философиясын айтпай-ақ қояйын. Мына сөздердегі нәсілшіл атмосфера, нәсілшіл ой, авторды мазаламауы былай тұрсын, бұл ойын оқырмандарымен бөлісіп, нормализациялап жатыр", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары да мұндай нәсілшіл мазмұндағы постты қызу талқылап жатыр. "Масқара", "Парасатты болу үшін шетелде оқудың қажеті жоқ екеніннің дәлелі", "Сөз жоқ айтарға", - деп жазды олар.