Бұл туралы ол өзінің депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Біз энергетик дайындаймыз дейміз, бірақ бұлар теплоэнергетикамен электроэнергетиканы біріктіріп жіберген. Теплоэнергетик өз алдына бөлек, электроэнергетика өз алдына бөлек сала. Біздерді 5 жыл оқытты, 3 жыл физика оқыдық, 3 жыл математика оқыдық. Оқымаған затымыз жоқ. Ал қазір оның бірі де жоқ. Біз қалай қазір кадр дайындаймыз? Біз қазір барлық жылу орталықтарын салайық, модернизация жасайық. Кім жұмыс жасайды? Себебі, дұрыс маман дайындамаймыз",- деді Еділ Жаңбыршин.
Сондай-ақ депутат аты аталған Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің қазіргі басшылық құрамы туралы да сөз қозғады.
"Енді қызықты қараңыз, осының басшылары кім? Директорлар кеңесінің төрағасы Гаджиев Фуат Асланоғлы, Баку. Ал ректоры (Сыздықов Мұрат- ред) ... аты-жөнін айтпай-ақ қояйын инженер-нефтяник. Одан кейін академиялық қызмет жөніндегі проректоры (Айгүл Саренова - ред) ИНЯЗ бітірген, жалпы педагогика, педагогика тарихы және этнопедагогика білімі. Қалай энергетик дайындайды? Бұл не зат сонда? Біздің ең энергетика дайындайтын мықты флагманымыз біріншіден жеке қолда, екіншіден ол жақта мамандар басқарып отырған жоқ. Ол жердегі бүкіл стандарт пен оқу бағдарламаларының бәрін біріктіріп жіберген. Бұл мемлекетке үлкен қауіп деген сөз. Біріншіден, бұл оқу орны мемлекеттің қолына өту керек. Екіншіден, стандарттар мен оқу жоспарларын қайтадан қарауымыз керек. Себебі, бізге ол жерден шыққан никудышный энергетик керек емес. Кемі 5 жыл оқу керек. Москвадағы энергетикалық институтта 6 жыл оқиды. Олар әлі күнге дейін сол жүйені ұстап отыр. Ал бізде әлі күнге дейін 4 жыл оқытып, не "маман" емес, не "маман емес" емес болып шығады" - деді ол.
Еске салсақ, энергетик мамандарын даярлайтын еліміздегі бірден бір жоғары оқу орны болып саналатын Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің басшлығы жуырда ғана ауысқан. Ескі кадрларды жаңа мамандармен ауыстыру ісі әлі де жалғасып жатқан көрінеді.
Loading...