"Бізге солай ыңғайлы": Блогер Zheka Fatbelly не себепті келіншегінің жүзін жасыратынын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі бақытты сәттерімен бөлісті. Желіде жариялаған бейнежазбалардан қалыңдықтың бет-жүзін жасырылғанын байқауға болады. Көпшілікке Жеңістің не себепті сүйіктісінің түрін көрсеткісі келмейтіні қызық. Zheka бұл әрекетін жазба астында түсіндірді.

“Қалыңдықтың жүзін не себепті жасырып қойғанымды түсіндіре кетейін. Бұдан былай ол туралы ешкім ештеңе сұрамасын. Бізге солай ыңғайлы, солай шештік. Осы қалпымызда қабылдап, біз үшін қуануларыңызды сұраймын”, – деп жазды Жеңіс Омаров.

Блогер қалыңдығын ұзатып алды.

“Сырға салынды. Қыз біздікі”, – делінген жазбада.

Ұзату тойда сөз сөйлеген блогердің анасы көз жасына ерік берді.


“Мен өзіме жыламаймын деп сөз берген едім. Жанымызда әкең мен ағаңның жоқтығын білдіртпедің. Керемет қыздарыңызды алуға рұқсат бергендеріңізге, бізге сенгендеріңізге рахмет. Қыздарыңызды бақытты етеміз деп ойлаймын”, – деп көзіне жас алды Жеңістің анасы.

Loading...