Бизнес туралы заң мәжіліске қайтарылды: Сенаторлардың не нәрсеге көңілі толмады

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Заң кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру және бизнестің дамуына жағдай жасау үшін дайындалған болатын.

Сенат депутаттары заңға мынадай өзгерістер енгізді:

- Заңның жекелеген нормаларын реттеушілік саясаттың қағидаттары мен тәсілдеріне сәйкес келтіруді;

- облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салумен байланысты мақсаттар үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру мүмкіндігін сақтауды;

- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын шекті сауда үстемеақысын қолдану тәртібін белгілеуді;

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетуді көздейді;

- пайдалы қатты қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу үшін кен орнын әзірлеудің техникалық жобасында белгіленген нормаланған ысыраптар туралы деректерді қолдануды;

- өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тетігін жетілдіруді;

- Бірыңғай төлемнің құрамдас бөліктерінің үлестерін қайта есептеуді көздейтін түзетулер енгізіледі.

Сенат түзетуі мәжілістің жақын арадағы отырысында қаралады.