Бизнесті тексеру тоқтамай тұр

Кейінгі кездері мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымданған биснесмендердің қарасы көбейген. Шағын және орта бизнес өкілдері әсіресе санэпидемологтарға, салық пен қаржы полициясының тексерулерінен мезі болыпты. Бүгін осыны ескерген облыстық прокуратура мен кәсіпкерлер ортақ меморандумға қол қойды. Арыз-шағымдары уақытылы қаралмай, бір жапырақ қағаз алу үшін айлап күтуден шаршаған кәсіпкерлер енді іске құзырлы органның араласқанына қуанып отыр.


Жомарт Манақов, Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығының жетекшісі

-Шын мәнінде жерігілікті жерлерде жағдай басқаша. Тексеру органдарынан, күш құрылымдары жағынан көп кемшіліктер бар. Ең көп кемшіліктер әкімшілік жағынан.