«Біз - қазақ қызымыз! Біз - мұсылманбыз. Біздің қоғамда орнымыз жоқ болуы тиіс. Біз сондай сүмелектік үшін жаралғанбыз... Біз еркек атаулының құлдық көзқарасын көруге туғандармыз. Еркекке қарсы келуге болмайды. Бізге олардан бір саты төмен, он қадам кейін жүру керек. Біз қайда болса да әйел затымыз. Еркек айтты ма, бітті! Заң! Еркек бұйырды ма істейсің! Сенің ұстанымың еркекке ұнамай ма, сен қоғамнан шет қаласың. Өз пікірің бар ма, бұзылғансың! Еркекті тәртіпке шақырдың ба, демек әке-шешең өзіңе дұрыс тәрбие бермеген. Сен дұрыс айта алсаң да маңызды емес. Өйткені, сен - әйелсің! Қашан да, қайда да солай. "Ей, байғұс! Сен әйелсің! Жап аузыңды!" "Әйел" деген сөзді "мақұлық" деп ауыстырыңдар онда! Әй, айналайындар?! Наразылықты қатындарыңа айтасыңдар, жарай ма? Шошқа мінездеріңді де соған көрсетерсіңдер! Бөтен қыз сені сыйламай ма, өзіңнен ізде қателікті. Күңкілдеме!
Мен қатал әке мен еріне қарсы сөз айтпаған анадан тудым! Мен де бір еркектің бар мінезіне шыдаймын, ол күйеуім болғанда ғана! Қайталаймын, өз күйеуіме! Мен айтып болдым», – деп жазды ол
facebook-парақшасына ер азаматтарға ренішін білдіріп.