Ол хиджабты шешуге қатысты желідегі оқырманының сауалына жауап берді, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Өнер иесіне "Орамалды шешуге бола ма? Блогерлер шешіп жатыр" деген сауал қойылады. Айдана Меденова адамның кемшіліксіз болмайтынын айтып, үнемі нәпсімен күресіп жүретінін жеткізген.
"Бәрі деген кім ол? Қызықсыздар. Сонда адамның бәрі идеал болады деп ойлайсыздар ма? Орамал тақса адам өзі үшін тағады. Одан адам тақуа болып кетпейді.
Өмір бақи нәпсімізбен күресіп жүруіміз керек", - деген Айдана Меденова.