БН-350 атомдық реакторының бірінші контурындағы натрийді дренаждау шарасы табысты жүзеге асырылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына жүгінсек, бұл шара реактор жұмысын біржола тоқтату туралы үкімет шешімінен кейін БН-350 реакторын ядролық және радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіруге бағытталған бірінші кезектегі шаралар жоспарына сәйкес атқарылды.

Қажетті құрал-жабдықты жобалау және жалпы дренаждау жұмыстарын отандық мамандар жүзеге асырды. Сөйтіп, БН-350 реакторын пайдаланудан шығару шараларының 2001-жылғы қолданылған ядролық отынды буып түю шарасынан кейінгі екінші кезеңі табысты жүзеге асырылып отыр.
Ақтаудағы БН-350 реакторы шапшаң нейтрондарға негізделген әлемдегі тұңғыш реактор болып табылады. Қазір ол "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның құрамындағы "МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" кәсіпорнының құрылымына қамтылады.