Заң бойынша АҚШ президенті келесі жылға арналған бюджетті ақпан айының алғашқы дүйсенбісінен кешіктірмей таныстыруы керек.
Алайда, соңғы жылдары бұл талап бірнеше рет орындалмай, бюджетті бекіту уақытында жүзеге аспай келді.
"Біз бюджетті конгресспен мұқият талқылап, белгіленген уақытта өнімді еңбек етеміз деп ойлаймын»,- деді Ақ үй өкілі.
АҚШ президенті дайындаған бюджет ол жұмыстың алғашқы бастамасы ғана. Американың қос палатасы да бюджеттің өздері дайындаған нұсқаларын ұсынуға құқылы.