Өзбекстандық Мәлік Захирмен болған жекпе-жекте қазақстандық Нұрбақыт Айтжановтың жасаған іс- әрекеті ММА жанкүйерлерінің ашуына тиді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Alash Pride League Instagram парақшасында Кентаудағы Alash Pride 85 турниріндегі жекпе-жектердің бірінің видеосы жарияланды. Видеодан оның партерде қарсыласының басын тізесімен ұрғанын, төреші жекпе-жекті тоқтатса да Нұрбақыт тағы да өзбекстандық спортшыны жұдырығымен ұрғанын байқауға болады.
Спортшының бұл әрекетіне наразы болған желі қолданушылары "Боец емес чмо ғой, еркек болса олай жасамайтын еді", "Көшеде жүр ма?", "Ұят болды", "Малдың тірлігі" деген пікірлерін жарыса жазуда.