Бөгет құбыры көлікті тесіп кіріп, жүргізушіні мерт қылды

Марқұмның денесін көліктен алып шығу үшін құтқарушыларды шақыруға тура келді, деп хабарлады Алматы қаласы әкімі аппараты Алматы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметі.

«7 қыркүйек күні таңғы 6.58-де «109» қызметіне жол-көлік апаты туралы хабарлама келіп түсті. Алматыдағы Райымбек-Сүйінбай даңғылдары қиылысында Аudi 80 автокөлігі бөгетке соғылған. Бөгет құбыры көлік салонына кіріп, көз жұмған жүргізушіні басып қалған және құтқарушыларды шақыруға тура келген. Апат орнына келген құтқарушылар гидравликалық жабдықтар көмегімен артқы сол есікті алып тастады, марқұмның денесін шығарып, полиция қызметкерлеріне табыстады. Құбыр қалдығын кесіп тастап, зақым келген автокөлікті жол бойынан көшірді», - делінген хабарламада.

Апат салдарын жоюға 8 құтқарушы, 3 дана техника (біреуі эвакуатор) жұмыс істеді.


Аталған жол-көлік апатының себептерімен құзырлы органдар жұмыс істеуде.