Бокс: Александар Поветкин әлемнің «тұрақты» чемпионы атағын қорғап қалды

Бүгін ол Германияның Гамбург қаласында американдық Хасим Рахманды екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлады РИА Новости.

А.Поветкин WBA чемпионы атағын 2011 жылы өзбекстандық Руслан Чагаевті жеңіп иеленген еді. Ал қазіргі уақытта WBA суперчемпионы украиндық Владимир Кличко.

Поветкинге өз атағын қорғап қалу үшін Рахманмен жұдырық түйістіру міндетті болатын. боксшылар арасындағы жекпе-жек шілде айының ортасында өтуі тиіс еді. Бірақ Рахманның жарақат алып қалуына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Енді Поветкин 2013 жылдың сәуіріне дейін WBA суперчемпионы украиндық Владимир Кличкомен жекпе-жекке шығуы тиіс. Бірақ ол үшін В.Кличко 10 қарашада поляк боксшысы Мариуш Вахты жеңуі керек.