Жекпе-жек 28 қыркүйекке қараған түні Монреальда өтті. 29 жастағы ресейлік бірінші раундта өз қарсыласын үш рет есеңгіретіп, ал екінші раундта сұлатып салды.
Кәсіби бокста Бетербиев алты рет шаршы алаңға шығып, бәрінде де айқын басымдықпен ұтты (6 нокаут). Ал Клауд 24 рет қарсыластарынан басым түссе, осымен үшінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.
Артурдың промоутері Ивон Мишелдің айтуынша, ол бұл жекпе-жекте американдық боксшының жағын сындырып жіберген.