Қазақстан Бокс федерациясының хабарлауынша, Баку қаласында өткен ақтық сында германиялық боксшы Эрик Пфайфер мен Мохаммед Арджонның арасындағы кездесу 3:0 (78:74, 78:74, 77:74) есебімен аяқталған.
Сонымен қатар, Түркияның Стамбул қаласында өткен финалда жергілікті былғары қолғап шебері Адем Киличчи (75 келі) ресейлік Артем Чебатаревті 3:0 (80:72, 78:74, 79:73) есебімен жеңсе, 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жергілікті боксшы Онур Сипал кениялық Рэйтон Оквириді де 3:0 (78:74, 78.74, 77:75) есебімен тізе бүктіріп, чемпион атанды.