БОКС: «Астана арландары» - жартылай финалда

Алматыда өткен ширек финалдық қарымта матчта олар  германиялықтарды 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал Германияда «арландар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Сонымен, Мирас Жақыпов (52 кг)  Ронни Бебликаны жеңді - 3:0 (50:45, 50:45, 50:45).

Самат Башенов (60 кг)  Артур Брилядан басым болды - 2:1 (50:45, 47:48 50:44).

Мейірім Нұрсұлтанов (69 кг) Вячеслав Керберды ұтты - 3:0 (50:45, 50:45, 49:46).

Ал Хрвое Сеп (81 кг)  Серж Мишелді сүріндірді - 3:0 (50:45, 50:45, 49:46),  Руслан Мырсатаев (+91 кг) Эрик Пфайфердің мысын басты - 2:1 (48:47, 49:46, 46:49).


«Астана арландары» жартылай финалда «Italia Thunder» - «Baku Fires» жұбының  жеңімпазымен кездеседі, деп хабарлайды «Аламан».