«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, жеребе қорытындысы бойынша А тобына Dynamo Moscow (Ресей), India Fighters (Үндістан), Argentina Condors (Аргентина), Mexico Guerreros (Мексика), Baku Fires (Әзірбайжан), Hussars Poland (Польша), ал Б тобына Milano Thunder (Италия), USA (АҚШ), Great Britain (Англия), Astana Arlans (Қазақстан), Germany Eagles (Германия), Украина командалары түсті.
Биылғы маусымның ерекшеліктері бойынша, WSB командалары енді қаланың емес, тұтас елдің намысын қорғайды. WSB жекелей біріншілігі өтпейді. Бірақ боксшылардың жеке рейтингті құрылады. Кейін бұл рейтинг олимпиадалық іріктеу жарыстарында ескеріледі.
«Астана арландары» өздерінің алғашқы кездесулерін сырт алаңда Украинамен өткізеді.