БОКС: Біз қазақтарға қарағанда мықтымыз - Baku Fires бапкері

 Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

"Біздің келесі қарсыласымыз - Astana Arlans. Мен Магомедрасул Меджидовтің көмегін қолданар едім, бірақ ол қазір дайын емес. Арсланбек Махмудовқа келетін болсақ, ол жаттығу кезінде жарақаттанып қалды. Команда енді Гаджи Муртузалиевтің күшіне сенім артады. Сонымен қатар шаршы алаңға Эльвин Мамишзаде, Альберт Селимов, Магомед Нуриддинов пен Рамазан Магомедов шығады. Біз қазақтарға қарағанда мықтымыз, бұл кездесуде жеңеміз деп сенемін», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, қазір қазақстандық команда топта екінші орында тұр.