БОКС: Данияр Елеусінов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды


Данияр Елеусінов марокколық Мохаммед Рабиимен рингке шықты.

Төрешілер үш раундта да жеңісті марокколық боксшыға берді. Есеп 3:0. Сөйтіп бабы мен бағы келіспеді ме, Данияр күміс жүлдені қанағат тұтты.
Дегенмен Д.Елеусінов осы чемпионатта Олимпиада жолдамасын иеленді. Енді Рио-де-Жанейрода Данияр жүлдеге қол созады деп үміттенеміз. Ал М.Рабии Марокко елінің тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, аса ауыр салмақта тағы бір қазақстандық боксшы Иван Дычко алтын жүлде үшін франциялық Тони Йокамен күш сынасады.