БОКС: Дычконың шаршы алаңға қайта оралуы өзіне байланысты


Деген­мен, ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Дычконың халі жақсарғанын айтып сендіруде, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

 «Ваня қазір өзіне келді. Денсау­лы­ғы жақсы. Алайда оның шаршы алаңдағы болашағы өзіне ғана байланысты. Әлбетте, физикалық тұрғыда біз оны жар­ты жылдың ішінде-ақ қайта бабына келтіре аламыз. Бірақ психологиялық тұрғыдан алғанда бұл нокауттан қорытындыны өзі шығаруы тиіс. Жалпы, өз басым, мұндай боксшы­ны жоғалтып алғым келмейді. Әлі жас. Өмірі алда. Егер бабына қайта келсе, әлем чемпионаттарында да, Олимпиада ойындарында да жеңіске жететін болады. Біз оған 2014 жылдың сәуіріне дейін уақыт береміз. Демалсын, тынық­сын, барлығын ұмытсын. Одан кейін не боларын көреміз. Бір­неше турнирге қатыстырамыз да, алдағы уақытта оған үміт артуға бола ма, жоқ па соны шешеміз. Бәрі жақсы болса, Дычко келесі жылы жазғы Азия ойындарына қатысады», - дейді Мырзағали Құ­ланұлы.