Бокс: Германиядағы додада қазақстандық 5 боксшы келесі кезеңге шықты

Кеше Ғани Жайлауов (60 кг) пен Данабек Сужанов (75 кг) жеңіске жеткені жарияланған еді.

«Аламан» порталының мәліметінше, Ғ. Жайлауов молдовалық Петру Апостолды сабаса (13:5), Данабек швейцариялық Дэвид Парасиді еліне қайтарған еді (17:4).

Ал Астана уақыты бойынша түнгі сағат 3-те 69 келі салмақта Серік Сәпиев бразилиялық Майк Карвальюді жеңді, есеп - 16:6. Бір қызығы, С. Сәпиевтің осы бәсекедегі басты қарсыласы Андрей Замковой америкалық Эррол-Ли Спенске есе жіберді. Кездесу 9:9 есебімен тең аяқталған. Төрешілер АҚШ өкілі жеңіске жетті деп шешіпті.

56 келіде Қанат Әбутәліпов румын Разван Николие Андреананы ұтты, есеп - 16:7. Ал 81 келіде Әділбек Ниязымбетов бразилиялық тағы бір боксшысы Ямагуши Флорентиноны айқын басымдылықпен жеңді, есеп - 12:5.

Иван Дычко жарысқа аттанған, алайда, шаршы алаңға неге шықпағаны белгісіз.