БОКС: М. Вольнова әлем кубогының жеңімпазы

Бұл сыннан Қазақстан 2 алтын, 1 күміс еншіледі, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.

Лондон олимпиадасының жүлдегері Марина Вольнова (75 кг) финалда ресейлік Инна Сагаидаковскаяны 15:9 есебімен ұтып, турнир чемпионы атанды.

Ерлер арасында 49 келіде Азат Қамзин финалда моңғолиялық Ганг Ерденг Ганкхуангтан басым түсіп (14:7), алтын алды.

Ал 91 келіде Василий Левит күміс жүлдегер атанды. Ол финалда ресейлік Сергей Корнеевпен 15:15 есебімен тең түскен. Кейін төрешілердің шешімімен жеңіс шаршы алаң иесіне берілді.