Назым Қызайбай бұған дейін бірінші орында тұрған румындық Стелута Дутаны ол орыннан ығыстырды. Қазақ боксшысы Дутаны Чеджудегі әлем чемпионтының ширек финалында ұтқан еді. Сондай-ақ қазақстандық боксшы Азия бокс федерациясының таңдауымен қараша айының үздік боксшысы болып танылды.
Сонымен,
48 келі салмақ дәрежесі бойынша:
1 . Назым Қызайбай (Қазақстан)
2 . Стелута Дута (Румыния)
3 . Саржубала Самжетцавам (Үндістан)
Чеджуде 81 келіде күміс алған Ләззат Күнгейбаева екінші орыннан үшінші сатыға түсті:
81 келі салмақта:
1 . Зенфира Магомедалиева (Ресей)
2 . Эмине Боздуман (Түркия)
3 . Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан)
5 . Кавита (Үндістан)
Азия ойындарының күміс жүлдегері Жайна Шекербекова сегізінші орында тұр:
51 келі салмақта:
1 . Марлен Еспарза (АҚШ)
2 . Клелиэ да Коста Маркес (Бразилия)
3 . Лиза Уатсайд (Ұлыбритания)
4 . Мери Ком (Үндістан)
5 . Терри Гордини (Италия)
7 . Стойка Петрова (Болгария)
8 . Жайна Шекербекова (Қазақстан)
Азия ойындарында қола жүлдені қанжығасына байлаған Марина Вольнова 12-ші орыннан 8-ші орынға көтерілген. Алайда жақында Вольнова спорттан кеткенін мәлім етті. Сондықтан алдағы уақытта ол АИБА рейтингісінен шығарылады.
75 келі салмақта:
1 . Кларисса Шилдс (АҚШ)
2 . Ли Циан (Қытай)
3 . Н. Фонтжин (Нидерланды)
4 . Ариэна Фортин (Канада)
5 . Ярослава Якушина (Ресей)
8 . Марина Вольнова (Қазақстан)
9 . Пужа Рани (Үндістан)
10 . Тимеа Наги (Венгрия)