«Аламан» агенттігінің жазуынша, қазақстандық «Астана арландары» кезекті кездесуін Ганновер қаласында «Неміс қырандарына» қарсы өткізеді. Жарыстың ресми сайты қос команданың құрамын жариялады.
Атап айтқанда, 50-54 келіде қазақ боксшысы Бағдат Әлімбеков румыниялық Николае Равзан Андрианамен кездеседі.
57-61 келі салмақта шаршы алаңға қос ирландиялық боксшы шығады: Оливер Жойс - Эрик Донован.
68-73 келіде Сергей Деревьянченко неміс Хек Паскалимен жұдырықтасады.
80-85 келі салмақта немістер өз боксшылары Серге Мичелді қойып отыр. Оның қарсыласы Сеп Хргович.
Аса ауыр салмақта да неміс-хорват текетіресі. Ринг иелерінің намысын Эрик Бречлини қорғайды. Ал «Арландар» Филипп Хрковичке сенім артып отыр.