БОКС: Қанат Исламның қарсыласы ауысты

Бастапқыда Қанат атағы шыға қоймаған колумбиялық боксшы Карлос Гальванмен (10-2-1, 9 КО) кездесуі тиіс болатын, бірақ белгісіз себептермен ол жекпе-жектен бас тартты.

Енді қазақстандыққа басқа колумбиялық боксшы Орландо Хесус Эстрада (11-6-1, 9 КО) қарсы шығатыны белгілі болды. Ол Қанат Исламға тиесілі WBA Fedelation титулы үшін бақ таластырады.

Орландо Де Хесус Эстрада бірінші орта салмақ боксшылары арасында рейтингте 354-ші орында, деп хабарлайды sports.kz.