БОКС: Роман Жайлауов келесі жекпе-жегін 13 сәуірде Йоханнесбургте өткізеді


Бұл туралы Boxingnews.kz сайты жазды. 

Әзірге қазақстандықтың қарсыласы белгісіз болып отыр. Р. Жайлауов кәсіби бокста 13 жекпе-жек өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен. Оның сегізін уақытынан бұрын аяқтады.

Еске сала кетсек, Жайлауов 27 ақпанда Екатеринбургте кезекті рейтингтік кездесуінде 32 жастағы ресейлік спортшы Вячеславом Яковенкомен жұдырықтасуы тиіс болатын. Бірақ қазақстандық боксшы жарақатына байланысты рингке шыға алмады, деп хабарлайды vesti.kz.