БОКС: В. Левит пен М. Вольнова - финалда

91 келіде жарысқа қатысып жатқан Левит ширек финалда поляк Влодимирерц Летрді ұтты - 14:11. Ал жартылай финалда ресейлік Дмитрий Зайцевтен басым түсті - 12:11. Левит енді финалда Белоруссия боксшысы Сергей Корнеевпен алтынға таласады.

Ал 49 келідегі Азат Қамзин жартылай финалда ресейлік қарсыласы Дмитрий Гуляевті жеңіп, финалға жолдама алған - 14:7. Алайда финалда моңғолиялық Ган Эрден Ганкуяннан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Қыздар арасындағы 51 келіде шаршы алаңға шыққан Рано Фархатова жартылай финалда ресейлік Виктория Кулешовадан жеңіліп қалды - 6:12. Ал 60 келідегі Гүлжайна Үббіниязова қола жүлде жеңіп алды.

75 келіде Марина Вольнова ресейлік Валентина Михайлинаны жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды "Аламан" спорт агенттігі.