Жаңартылған тізімге сәйкес, Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) бірінші орынды сақтап қалды. Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 кг дейін) 17-ші орынға, осы салмақ дәрежесінде 34-орынға Иса Ақбербаев жайғасты.
Қазақстанның тағы бір өкілі Қанат Ислам - бірінші орта салмақ дәрежесіндегі (69,8 келіге дейін) ТОП-40 ішінде 35-орынға тұрақтады.