Шаршы алаң төріне 49, 56, 64, 75 және 91 келі салмақ дәрежелерінің боксшылары шығып, жартылай финалға берілер жолдамаларды сарапқа салды, деп хабарлайды «Аламан».
Жүлдеден үмітті боксшылардан 64 келідегі Айдар Шәрібаев пен Әсет Касимовтер жолдан шығып қалды. Айдар маңғыстаулық боксшы Жәнібек Әжібаймен болған кездесудің 2 раундында жарақат алып қалып, кездесуді жалғастыра алмады. Ал Әсет сенбі күні Алмасбек Әлібековпен болған кездесуде алған жарақатынан айыға алмаған екен, сол себепті С.Төлепбергеновпен болатын кездесуге шыққан жоқ.
Ұлттық құраманың мүшелігінен үмітті боксшылар Біржан Жақыпов, Азамат Исақұлов, Айдар Әмірзақов, Қайрат Ералиев, Мерей Ақшалов, Нұрболат Жарманов, Алексей Севостьянов, Арбек Абдуғаниевтер оңай жеңіске жетті. Ал Рустам Сыбаев болса алматылық Абдуазил Угурчиевпен болған өте тартысты кездесуде 2:1 есебімен әрең жеңіске жетті.
Бүгін ширек финалдық кездесулердің екінші күні өтеді. 52, 60, 69, 81 және + 91 келі салмақ дәрежелеріндегі боксшылар жартылай финалға берілер соңғы жолдамаларды сарапқа салады.
Кеше болған ширек финалдық кездесулердің қорытындысы:
46 - 49 келі
Музаппаров Анвар (Алматы) - Жүсіпов Теміртас (Ақмола), есеп 0:3 (27:29, 27:29, 27:29)
Исақұлов Азамат (Жамбыл) - Ержан Жомарт (ОҚО), есеп 3:0 (29:28, 29:28, 29:28)
Сейдахан Жалғас (Жамбыл) - Жақыпов Біржан (ОҚО), есеп 0:3 (27:30, 27:30, 27:30)
Бекжанов Ақниет (Ақтөбе) - Қамзин Азат (Астана), есеп 3:0 (29:27, 29:27, 28:27)
56 келі
Ералиев Қайрат (ОҚО) - Айгужинов Азамат (Павлодар), есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27)
Ордабаев Ержан (Атырау) - Амантаев Мұхит (Маңғыстау), М.Амантаев 3 раундта нокаутпен жеңді
Абдраимов Ерлік (ЦСКА) - Көптілеуов Қанат (Маңғыстау), есеп 0:3 (28:29, 28:29, 28:29)
Рустамов Рустам (Алматы) - Жақыпов Алмас (Жамбыл), есеп 2:1 (30:27, 28:29, 29:28)
64 келі
Әмірзақов Айдар (ШҚО) - Әлімқұлов Талғат (Жамбыл), есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27)
Әжібай Жәнібек (Маңғыстау) - Шәрібаев Айдар (Алматы обл), Ж.Әжібай 2 раундта техникалық нокаутпен жеңді
Касимов Әсет (ШҚО) - Төлепбергенов Сәбит (ОҚО), Ә.Касимов жарақатына байланысты кездесуге шықпады
Ақшалов Мерей (Астана) - Бекбергенов Сабыржан (Ақмола), есеп 3:0 (29:28, 29:28, 29:28)
75 келі
Сваев Рустам (Қызылорда) - Угурчиев Абдуазил (Алматы), есеп 2:1 (29:28, 29:28, 28:29)
Алтаев Нұрбол (ОҚО) - Әлімханұлы Жәнібек (Алматы обл), есеп 0:3 (26:30, 26:30, 27:29)
Құлахмет Тұрсынбай (Қызылорда) - Әлжанов Ерік (Маңғыстау), есеп 0:3 (27:28, 26:28, 26:28)
Жарманов Нұрдәулет (Ақмола) - Айдаров Сапарбай (Алматы), есеп 3:0 (29:24, 29:24, 29:24)
91 келі
Севостьянов Алексей (Қарағанды) - Масақбаев Мұхаммет (Маңғыстау), М.Масақбаев жарақатына байланысты кездесуге шықпады
Гелисханов Хамза (Алматы) - Абдуғаниев Арбек (Алматы обл), есеп 1:2 (28:29, 28:29, 29:28)
Нұрсейітов Нұрлан (ОҚО) - Хабиев Мәди (Ақмола), есеп 0:3 (28:28, 28:28, 28:29)
Пинчук Антон (Қостанай) - Молдагереев Марат (Ақтөбе), есеп 2:1 (29:27, 29:28, 28:29).