БОКС: Жастар арасындағы ӘЧ жартылай финалына 5 боксшы шықты

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Ширек финалда жарыс мынадай нәтижені көрсетті:

Айбек Досанов (46 келі) - Титисана Панмод (Тайланд) 2:1;

Хуршедшох Искандаров (80 келі) - Кренар Алью (Финляндия) 3:0;

Даулет Нысан (50 келі) - Эрисланди Альварес (Куба) 2:1;

Айбол Жамбырбай (63 келі) - Саяд Лалаев (Әзербайжан) 3:0;

Саматали Толтаев (52 келі) - Муроджон Алиев (Өзбекстан) 3:0;

Ардақ Алимхан (81 келі) - Даниэль Мальсам (Германия) 0:3;

Дәулет Заушев (70 келі) - Силард Ласло (Венгрия) 1:2;

Алдияр Тұрсынәлі (66 келі) - Эдгар Цамбов (Ресей) 0:3.  

Осылайша, біздің бес боксшымыз медальға таласатын болды.


AIBA қағидасы бойынша чемпионатқа 13 салмақ санатында 17 жасқа дейінгі жастар қатысады. Олар 3 раундтық айқас өткізеді, әр раунд екі минутқа созылады.

Онлайн-көрсетілім мен айқас нәтижелерін әлемнің жастар чемпионатына арналған  stpetersburgboxing.org. сайтынан көруге болады. Бірінші жартылай финалдық сессия бүгін Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де, екіншісі - 21 сағатта ашылады.