Лас-Вегаста Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) және Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жүйелері бойынша жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық атақ үшін болған кездесуде жеңіс ұпай саны бойынша америкалықтың жеңісімен аяқталды.
12 раундқа созылған текетірестің нәтижесі мынандай: 114-114, 116-112, 117-111.
Екі атақты боксшының кездесуіне қара базардағы билеттің бағасы 30 мың долларға дейін жеткендігі хабарланды.
Мэйвезер бүкіл ұрыс бойы өзін батыл ұстаса, ал мексикандық боксшы сылбырлық танытып, кездесудің аяғында қарсыласына тізгінді беріп қойды.
Осындай жағдайда төрешілердің біреуінің төбелесті тең деп жариялауы көптеген көрермендердің түсінбестігін тудырды.
«Әңгіме шеберлік туралы болды, - деп түсініктеме берді, әлем чемпионы. - Мен өз шеберлігімді көрсеттім».
«Мен оған қалай жетудің жолын таппадым», - деп мойындады Альварес. Ол осыған дейін 43 кездесуді жеңіспен аяқтап, өз қарсыластарын 30 рет нокаутқа жіберген болатын.
Мұндай мойындау билетке қыруар ақша төлеп, 23 жастағы Альварестің Мэйвезерге лайықты қарсылық көрсетеді деп үміттенген көпшіліктің көңіліне кірбің түсірді.
2013 жылы америкалық екі кездесуі үшін 73 млн. доллар ақша тапты.
Мамыр айында ол отандасы Роберта Геррероны оңай ұтып, екінші жыл қатарынан әлемдегі ең жоғары төленетін боксшы болып танылды.
Showtime американдық кабельдік телеарналардың жүйесімен арадағы 200 млн. долларлық келісім бойынша Мэйвезерге тағы да 4 кездесу өткізуге тура келеді.