Боксшы Иван Дычко Әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

Аса ауыр салмақта келіде өнер көрсететін Иван Дычко неміс Флориан Шульцтан айласын асырды.

Ол осы жеңісінен кейін жартылай финалға шықты. Оның алдында құрама капитаны Данияр Елеусінов те жартылай финалға өткен еді.


Айта кетейік, Қазақстан құрамасының 5 боксшысы Олжас Сәттібаев, Жәнібек Әлімxанұлы, Василий Левит, Қайрат Ералиев пен Зәкір Сафиуллин Әлем чемпионатында жартылай финалға шыға алмай қалды.