Боксшы М.Вольнова азулы қарсыласын жарыс жолынан ығыстырып, жартылай финалға өтті

Азулы қарсыласынан еш ықпаған Марина алғашқы 2 раундты 7:7 есебімен тең аяқтаған болатын. Дегенмен, соңғы екі кезеңде барын салған біздің былғары қолғап шеберіміз үшінші кезеңді - 3:1, ал төртінші раундты 6:4 есебімен аяқтады. Осылайша Марина жартылай финалға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, Марина 1/8 финалда кениялық Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алған болатын.

1989 жылы шілдеде Қызылорда қаласының Қазалы қаласында дүниеге келген Марина бокспен 6 жасынан бастап айналысады. Осы уақытқа дейін зор жетістіктерге де жетті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бокстан еліміздің төрт дүркін чемпионы, 2010 жылы Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.