Боксшылар әлем чемпионатынан елге оралды

Бокстан Қазақстан құрамасын елордада жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Отандық былғары қолғап шеберлері Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатынан екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдемен елге оралды.

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы медаль кестесінде екінші орынға жайғасты.


Бас бапкер құраманың нәтижесіне көңілі толатынын айтса, жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар жанкүйерлер қолдауын ерекше сезінгенін жасырмады.