Астана қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да басталатын күндізгі сессияның екінші жұбында Біржан Жақыпов филиппиндық боксшы Марк Барригамен кездеседі.
Күндізгі сессияның 7-ші жұбында (шамамен сағат 20:00-де) алаңға ирандық Мехди Толоутибандпимен кездесетін былғары қолғаптың қазақстандық шебері Данияр Елеусінов шығады.
Бұдан басқа, 4 тамызда Олимпиада рингіне алғаш рет қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов шығады. Қарсыласы - эквадорлық боксшы Карлос Гонгора. Олардың айқасы рет бойынша тоғызыншы болады және кешкі бағдарламада (басталуы сағат 01:30-да) шамамен түнгі сағат 03:30-да өтеді.