деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
9-13 наурыз аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде «Ұлы Жібек жолы - 2011» атты ересектер арасында бокстан халықаралық турнир өтуде. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран, Грузия және Түркия елдерінің 96 былғары қолғап шеберлері қатысуда.
Байрақты бәсекеде қазақ елінің намысын 12 боксшы, атап айтқанда Мардан Берікбаев, Әли Байбозов, Мәди Шолақов, Ғани Жайлауов, Алмасбек Әлібеков, Сүлейман Бердіқаев, Бақытжан Қожабеков, Данабек Сужанов, Әділет Ниязымбетов, Арман Рысбек, Василий Левит, Иван Дычко қорғауда.
Алғашқы күні жарыс жолына шыққан Ғ.Жайлауов, А.Әлібеков, С.Бердіқаевтар қарсыластарынан басым түссе, Ә.Байбозов пен А.Рысбек әзірбайжандық былғары қолғап шеберлерінен айла асыра алмады.