Бокстан әйелдер құрамасы 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына арналған оқу-жаттығу жиынын бастады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-жаттығу жиынында алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командалары бас қосты. Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сейдалиннің айтуы бойынша бұл бастаманың пайдасы мол.

"2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеттік. Демек, барлық жас дәрежелерінде бұл додаға үміткерлер бар.