Бокстан әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты мәреге жетті

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, бейресми командалық есепте бірінші орынды - Алматы, екінші орынды - Астана, сондай-ақ үшінші орынды - Жамбыл облысы иеленді.

Жалпы, бұл додалы сайыста еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларының командалары бақтарын сынады. Ересектер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша 101 спортшы, ал жастар арасында 9 салмақ дәрежесі бойынша 65 былғары қолғап шебері қатысты.

Әйелдер арасындағы бокстан ҚР чемпионаты осымен 8-інші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы бұл жарыс Көкшетауда ұйымдастырылған еді. 2011 жылы командалық есепте Алматы қаласы бірінші, Ақмола облысы екінші, ал Астана үшінші орыннан көрінген болатын.