Бүгінгі турнир аясында үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Махмұд Сабырхан тайбэйлік Ян Лин Лаймен жекпе-жек өткізеді.
Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Дильфуза Бековамен күш сынасады.
Сонымен қатар, 66 келіге дейінгі салмақта Милана Сафронова ел намысын қорғайды. Ол тайбэйлік Мин Лимен қолғап түйістіреді.