Сайыстардың соңғы күні қазақстандық спортшы қыздар 7.2 есебімен Ресей командасын жеңді. Бұл матчқа біздің ұлттық құраманың тәлімгері Вадим Присяжнюк команда көшбасшылары - соңғы республикалық біріншілік жеңімпаздарын қойды.
2012 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі) Екатерина Пинигинаны 3:0 есебімен, Дина Жоламан (54 келі) Лилия Айтбаеваны 2:1, Гүлжан Үбіниязова (60 келі) - Наталья Шадринаны - 3:0, Зарина Цолоева (64 келі) - Александра Ординаны - 2:1, Дариға Шәкімова (69 келі) - Саадат Абдуллаеваны - 3:0, Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Марина Вольнова (75 келі) - Екатерина Надолинскаяны 3:0, Ләззат Күнгейбаева (81 келіден астам) - Саида Гамидованы 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал Жанна Басқаева (57 келі) Елена Граинарға 1:2 есебімен, Мөлдір Базарбаева (81 келіге дейін) Любовь Пашинаға 0:3 есебімен жол берді.
Бүгінгі өткен басқа матчта Моңғолия боксшылары Өзбекстан спортшыларынан басым түсті.