«Бокстан Қазақстан Федерациясы кубогы» бәсекесінің 1/8 финалдық ойындары аяқталды

Алматыда ринг қожайындары - қалалық федерацияның командасы Қызылорда облысы құрамасынан 7:3 есебімен басым түсті. Ал Таразда Жамбыл облысының боксшылары қонақтары - оңтүстікқазақстандықтардан 4:6. есебімен жеңіліп қалды.

Талдықорғанда Алматы облысының спортшылары елордалық қарсыластарын 6:4 есебімен тізе бүктірді. Өскеменде шығысқазақстандықтар Павлодар өңірінің командасын 8:2 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Енді 20 қазанда «Батыс» дивизионында ширек финалға шыққан Маңғыстау мен Атырау, «Солтүстік» дивизионында Қарағанды мен Ақмола облыстарының құрамалары бақ сынасатын болады. Ал 27 қазанда «Оңтүстік» дивизионындағы Алматы қаласы және Оңтүстік Қазақстан, ал «Шығыс» дивизионында «Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының былғары қолғап шеберлері күш сынасатын болады.