Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жігіттердің физикалық және психологиялық дайындығы жақсы. Мақсат – кемінде 2 алтын медаль. Бұл жауапкершілікті боксшылардың өздері де жақсы түсінеді. «Сондықтан, жазғы Олимпиада ойындарында ел үміті мен сенімін ақтауға барымызды саламыз», - дейді.
- Сол жинап-терген еңбегімізді ринг төрінде шығарамыз. Бар тәжірибемізді көрсетіп, елімізге медаль әкелуге тырысамыз, дейді ұлттық құрама мүшесі Жәнібек Әлімханұлы.
- Дайындық жақсы, ойдағыдай. Елімізге, бізге жанкүйер болыңыздар деймін. Тақымды қысып, деді ұлттық құрама мүшесі Данияр Елеусінов.