«Болашақ» бағдарламасының 22 жылы ішінде 8 мыңға жуық маман даярланды

Бүгін Парламент Сенатында ҚР Үкіметінің 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді.

«Болашақ» бағдарламасының 22 жылы ішінде 8 мыңға жуық маман даярланды. Олардың 98 пайызы жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда әлемнің 25 елінде екі мыңға тарта студент оқиды. Олардың қырық пайыздан астамы техникалық мамандықтар бойынша білімін алуда», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы ғылым саласына 2014 жылы 48 млрд. теңге бөлінген.


«Былтырғы жылдың қорытындылары бойынша 1574 жоба аяқталды, ал 118 жоба өндіріске енгізілді. 1400 патент алынды»,- деді Б. Сұлтанов.