Д.Бабамұратовтың айтуынша, қозғалыстың ұйымдастыру комитетіне жатақханаларда тұру ақысын қымбаттату себептері мен заңдылығын анықтау туралы бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері өтініш білдірген.
Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, алдағы оқу жылының 10 айына жатақханадағы бір бөлмені жалдау ақысы 2600 теңгеден 18 мың теңгеге бірақ көтеріліп 8 есе өскен. Мемлекет жуырда ғана шәкіртақының көлемін 50 процентке көтергені белгілі. Өкінішке орай ол жатақхана төлеміне мүлдем жетпейді.
Қозғалыстың ұйымдастыру комитеті бұл мәселеге қатысты ҚР білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орындарына жолдайтын хат дайындап отыр.