«Болашақ» шәкіртақысына құжаттарды қабылдаудың көктемгі кезеңі аяқталуда

Өтінім беруді қалайтындар электрондық үкімет egov.kz порталы арқылы жасауға болады. Мысалға, 2013 жылы интернет арқылы «Болашақ» шәкіртақысына әрбір 4-ші өтініш беруші берді - 2057-нің 498-і. Бірінші кезеңнің аясында 2014 жылы  egov.kz арқылы ендігі 157 өтінімдер берілді.

Осы тәсіл уақытты барынша үнемдейді: үміткерлерге қайда да болмасын баруға немесе кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ, ал сұрау салуды өңдеу барлығы 1 жұмыс күнін алады. Талап етілетіні - бұл электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметін «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім» салымындағы «Білім» тарауынан табуға болады. Өтініш беруші «Онлайн қызметке тапсырыс беру» тетігін шертеді, электрондық форманың алаңын толтырады және қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркейді (олардың тізбесін қызметтің сипаттамасынан табуға болады). Сонан соң өтінімді ЭЦҚ көмегімен куәландыру керек. Бір жұмыс күні ішінде порталдағы пайдаланушының Жеке кабинетіне құжаттарды алу немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап туралы ресми қолхат келеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын алуға конкурсқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау жылына үш рет жүзеге асырылады: келесі екі қабылдау 2014 жылы жазда (30 маусымнан 31 шілде бойынша) және күзде (1 қыркүйектен 31 қазан бойынша).