«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

Қазақстанда халықаралық «Болашақ» стипендиясын беру үшін өткізілетін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау мерзімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 25 ақпан күнгі бұйрығы бойынша бекітілді. Соған сәйкес құжат қабылдау 2014 жылғы 3-наурыздан 30-мамырға дейін, 30-маусымнан 31-шілдеге дейін, 1-қыркүйектен 31-қазанға дейін жүргізіледі.

Стипендия беру жөніндегі конкурс 2014 жылдың 1-мамырынан 2015 жылдың 31-қаңтарына дейін созылады.


Сонымен қатар, бұйрықта 2014 жылғы халықаралық «Болашақ» стипендиясының жеңімпаздарын тілдік курстар бойынша оқыту ұсынылатын алдыңғы қатарлы шетелдік ЖОО, шетелдік ұйымдардың тізімі де берілген.