«Болашақ» стипендиясына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді

Отырысқа Қазақстан мемлекеттік хатшысының міндетін уақытша атқарушы Кәрім Мәсімов жетекшілік етті.

Атап айтсақ, 2014 жылдан бастап магистратурада білім алып, IELTS тәжірибеден өткісі келетіндердің шет тілін білу деңгейіне қойылатына меже 3 балдан 4 балға, резидентура мен докторантура үшін 5 балға дейін көтерілді.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық санаттағы үміткерлердің мемлекеттік тілді білуіне қойылатын минималды талаптар да күшейтілді. Бұдан былай үміткер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 150 балдың 85-ін жинақтауы тиіс.

Сонымен қатар, білім алуға және тіл курстарын оқуға ұсынылатын шетелдік оқу орындарының тізімі қайта қаралды. 2014 жылы бұл тізім 17 университетпен толығып, ал, 8 ЖОО алынып тасталды.