Мемлекет басшысының болжамы бойынша, "болашақта бұл екі одақ баршаның игілігі үшін өзара бірігуі мүмкін". Н.Назарбаевтың пайымдауынша, "ел аясындағы реформалар мен экономикалық өсу қарқынына қарай Еуропалық Одақ үшін Шығыс Еуропадағы кейбір елдермен салыстырғанда Қазақстан артықша тартымды болуы мүмкін".
Осы орайда Н.Назарбаев еліміздің Еуропалық Одақпен өзара сауда-саттық туралы келісімге қол қойғанын еске сала отырып, Республиканың ЕурАзЭҚ-ты дамыту мен Біртұтас Экономикалық Кеңістік құруға баса назар аударып отырғанын атап көрсетті.