“Болашақта күнделікті киіп жүретін боламын” Жігер Ауыпбаев қазақша киімге қатысты ойын айтты

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Жігер Ауыпбаев желіде оқырмандарына сұрақ-жауап айдарын өткізді.

- Қазақша оюы бар киімдерді күнделікті киіп жүруге қалай қарайсыз?

- Өте жақсы қараймын. Болашақта күнделікті киіп жүруді қолға алатын боламын. Бұйырса. Не деген керемет, тамаша біздің ұлттық киімдеріміз.

- Өмірдің мәні неде деп ойлайсыз?

- Бүкіл әлемді жаратқан Раббыңды шынайы танып, құлшылық қылуда деп ойлаймын. Бұл екі өмірдің де мәні.


Бұл өмірде не қымбат?

- Қант қымбат қой. (ойнап айтам) Мен үшін аз да болса жақсымен өткізген уақыт қымбат.

Жақында ғана әнші Мекке-Мәдина қаласына барып құлшылық жасап, сапар шегіп келген болатын.