Бұл туралы болгариялық BTV арнасы Варна облысының губернаторы Стояна Пасеваға сілтеме жасай отырып хабарлады.
«Қазіргі уақытта еттің қай дүкендерге, қанша мөлшерде әкелінгені анықталып жатыр. Соңғы уақыттарда ет сатып алғандардың барлығына дәрігерге қаралу, сатып алынған өнімге талдау жүргізу үшін Өнім қауіпсіздігі агенттігіне жеткізу ұсынылады», - деді губернатор.
Сібір жарасымен зақымдалған сиыр еті Аспарухово ауылындағы цехтан табылған. «ТАСС» агенттігі ақпаратына сүйенсек, цех иесі тұтқындалып, оған айып тағылды. Зақымдалған етті тұтынған 28 адам тексеруден өтіп, таза екендігі анықталды.
17 шілдеде Варна өңірінде етке сатылып кеткен ауру малдың иесі сібір жарасынан қаза тапты. Облыста жануарларды егу жұмыстары қолға алынды.